Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанның зиялы қауым өкілдері қаламгерлері Ассамблеяның сайлау туралы бастамасын қолдады

  • AstanaTV
  • 20 ақпан 2015
  • 1012

Президенттік сайлау халықтың ауызбіршілігін арттырып, дағдарыстан абыройлы өтуге ықпалдаспақ. Қазақстанның халық жазушысы, қоғам және мемлекет қайраткері Әбіш Кекілбаев осындай пікірін білдірді. «Президенттік сайлауды өткізудің маңызы зор. Бірлікті - ту, ынтымақты ұран еткен халықтың ғана алар асуы биік болмақ», - деді көрнекті қаламгер. 

Әбіш Кекілбаев, Қазақстанның Еңбек ері, халық жазушысы:

Шын мәнінде, біздің үлкен жеңістерімізді баянды ету үшін, бізге осындай төтен, үрдіс қимыл керек. Мен халықтың бұл ұсынысын мақұлдаймын, қуана қолдаймын. Парламенттің де қолдап жатқанына қуандым. 

Жұрағат БАМАН