Русский Сайттың толық нұсқасы

Әлемдік сарапшылар президенттік сайлауды қолдайды

  • AstanaTV
  • 20 ақпан 2015
  • 1292

Жаһанды қаржылық дағдарыс қысып келеді. Көптеген елдер арасында саяси қарым-қатынас тұрақталар емес. Осы орайда сенімді экономикалық қадамдар қабылдау шаруасы кезек күттірмейді. «Ал Қазақстанның президенттік сайлауды дәл биыл өткізіп, саяси экономикалық тұрақтылығын сақтап қалуға әрекеттенуі - құптарлық іс», - деген ойда шетелдік сарапшылар.

Михаэль Лаубш, «EURASIAN TRANSITION GROUP» жетекшісі, Австрия:

Менің ойымша, Қазақстанда президенттік сайлауды биылғы жылы өткізу туралы бастама ақылға өте қонымды. Әсіресе қазір, әлемде сан алуан күрделі мәселелер шешімін таба алмай отырған кезде. Мысалы, жаһанды жайлаған қаржылық дағдарыс - түрлі мемлекеттер тұтастығына төніп тұрған қауіп. Ал Қазақстан алдына қойған биік мақсаттарға қол жеткізу үшін, жаңа мандат қажет. Сондықтан президент сайлауын биылғы жылға көшіру шынымен-ақ қоштауға тұратын, өте орынды бастама.

Альбер Фишлер, қоғам қайраткері, Бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының лауреаты, Франция:

Әрине, бүкіл қазақстандықтар, елдің әлеуметтік жағдайы басқа елдердегідей нашарламай, керісінше тұрақты дамып келе жатқанын көріп отыр. Сондықтан халық үшін бұл сайлау өте маңызды. Өйткені ел экономикасының одан әрі өскенін қалайды. Қазақстан халқы Еуропадағы қиындықтарды көріп, біліп отыр. Грекия, Ирландия, Италия, Испаниядағы келеңсіз жайттар баршаға аян. Соңғы кездері Францияның да өсімі баяулады. Сол себепті Қазақстан халқы өз елінде өсімнің жалғаса бергенін қалайтыны түсінікті.  

Айгүл ӘДЕПБАЙ