Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған ашық есік күні өтті

  • AstanaTV
  • 20 ақпан 2015
  • 1861

Алматыда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған ашық есік күні өтті. Жүзге жуық мүгедек қаладағы ауруханалардың бірінде жоғарғы дәрежелі профессорлардың қабылдауында болды. Игі шараны «Нұр Отан» партиясының Алматы қаласы Бостандық ауданынындағы филиалы ұйымдастырған.

Бұл акция партияның «Кедергісіз келешек» бағдарламасы аясында өтуде. Ауруханаға арнайы келген азаматтарды Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің 12 жетекші мамандары мен профессорлары қабылдады. Науқастарға кардиология, ревматология, травматология және тағы да басқа салалар бойынша диагностика жасалған. Бұдан бөлек зағип жандар көкейінде жүрген сұрақтарын қалалық денсаулық басқармасының басшысына тікелей қоюға мүмкіндік алды.

Ұлан Іңкәрбеков, Алматы қаласы Бостандық аудандық мүгедектер қоғамының төрағасы:


Бүгінгі іс-шара - мүгедектерге беретін үлкен мүмкіндік. Әрқайсысы уақыттың тығыздығына, қаржының аздығына байланысты бүкіл медициналық бақылау жасай алмайды ғой. Бұл соған мүмкіндік беріп отыр. Болашақта жалғасады деген ойдамыз. Бұл бір күндік акция болып қалмайды.

Нұрлан Мәуленов, «Нұр Отан» партиясы Алматы қаласы Бостандық аудандық филиалы төрағасының орынбасары:

Бүгін мүмкіндігі шектеулі жүзге жуық жандар жоғарғы дәрежелі профессорлардың қабылдауында болды. Соның ішінде жекелеген дәрігерлер де азаматтарды қабылдады. Бұл бір реттік іс-шара емес. Болашақта да осындай маңызды ашық есік күндерін дәстүрлі түрде өткізу «Нұр Отан» партиясының жоспарында.

Берік ХАСЕНОВ