Русский Сайттың толық нұсқасы

«Халық банк» жеңіл несиеге қол жеткізген кәсіпкерлердің тәжірибесімен бөлісті

  • AstanaTV
  • 20 ақпан 2015
  • 1514

«Халық банк» пен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арасында жасалған әріптестік туралы меморандум аясында жұмыс жалғасуда. Бүгін Астанда қаржы институты мамандары жеңіл несиеге қол жеткізіп, кәсібін дөңгелетіп отырған іскерлердің басын қосты. Олар өз тәжірибелерімен бөлісті.

«Халық банкі» мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнеске мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау туралы кең мағлұмат беріп, қарастырылған жеңілдіктер жөнінде ақпарттандыру үшін, өзара меморандумға былтыр қол қойған. Бүгін Астанада осы келісімнің жемісін көрген шағын бизнес өкілдері бас қосты. Олар қаржы ұйымынан қандай жолмен жеңіл несие алуға болатынын талқылап, тәжірибемен бөлісті. Бастапқыда 20 шаршы метр жерде баспахана ашқан мына отбасы қазір Астанада Есілдің сол жағалауында табысты жұмысты жолға қойған. Кәсібін кеңейту үшін «Халық банкі» арқылы несие рәсімдеген.

Семинарға «Даму» қоры мен «Халық банкіне» алғыс білдіру үшін келдім. Бизнесімізді кеңейтіп, өсуге мүмкіндік бергені үшін.

Бизнесті одан әрі ұлғайтуға бағытталған «Халық банкі» несиелері «Даму» қоры арқылы рәсімделеді. Үстемақы 6 пайыздан 14 пайызға дейін бар. Жеңіл несиеге қолы жеткен астаналық кәсіпкердің бірі - Айжан Бейсембаева. Өзінің тігін цехын кеңейтті. Онда қазір жеті ісмер жұмыс істейді. Ал, киім-кешек елорда дүкендерінде саудаланып жатыр.

Айжан Бейсембаев, кәсіпкер:

«Даму-Өндіріс» бағдарламасы арқылы несие рәсімдеген өте тиімді. 6 пайыз - көп емес. Басқа бағдарламалар бойынша екі есе құнымен өтер едік.

Былтырдан бері екі мыңнан астам кәсіпкер банктен осы бағдарлама аясында несие рәсімдеуге ниет білдірген. Соңғы жарты жыл ішінде аймақтарда 22 кеңес беру орталығы ашылған. Ал облыстарда айына бір мәрте кәсіпкерлер үшін ашық есік күні өтеді. 

Берік ХАСЕНОВ