Русский Сайттың толық нұсқасы

Головкинді кезекті жеңісімен АИБА вице - президенті, Қазақстан Бокс федерациясының президенті Тимур Құлыбаев құттықтады

  • AstanaTV
  • 23 ақпан 2015
  • 1114

Геннадий Головкинді кезекті жеңісімен Халықаралық бокс федерациясының вице - президенті, Қазақстан Бокс федерациясының президенті Тимур Құлыбаев құттықтады. «Мен де, жүздеген мың қазақстандық жанкүйлермен бірге сіздің жеңіске жетуіңізді тіледім.Үмітті ақтап, қазақ елінің туын көкке көтердіңіз. Жақсы өнер көрсеттіңіз. Алдағы уақытта да талай жеңіске жетіп, биіктерден көрінуіңізге тілектестік білдіремін», - делінген құттықтау хатында.

Тимур Құлыбаев сондай-ақ,  Головкиннің жеңісі жас спортшыларға қанат бітіргеніне тоқталып, болашағына зор сенім білдірді.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА