Русский Сайттың толық нұсқасы

Шет елдік сарапшылар Қазақстанда сайлау өткенін қолдайды

  • AstanaTV
  • 23 ақпан 2015
  • 1173

Шет елдік сарапшылар Қазақстанда президент сайлауының биыл өткенін қолдайды. Және мұны демократиялық принциптерге қайшы емес деп есептейді.

Олар әлемдегі экономикалық ахуалды ескере келе, Қазақстан дағдарысқа қарсы жоспарды орындауға жұмыла кірісуі керек деген пікірде. Сайлау арқылы билік халықтың талабына қанығады. Сеніміне ие болады. Ал «бұл өз кезегінде ауқымды жоспарларды орындауға импульс береді» деп есептейді шетелдік сарапшылар. 

Ника Читадзе, Қаратеңіз халықаралық университетінің профессоры, Грузия:

Әрине, бұл жағдайда барлығы - Қазақстан халқына байланысты. Меніңше, сайлау өткізіп, президентті таңдау - қазақ мемлекетінің, оның әлеуметтік-экономикалық және саяси көзқарасының одан әрі дамуына әсер етуі тиіс. Грузия үшін бауырлас ел - Қазақстан – дүние жүзі экономикасында ойып орын алған мемлекет.

Ролан Дюма, Франция сыртқы істер экс-министрі, Франция:

«Биліктің халықпен тұрақты түрде кеңесіп тұруы - өте пайдалы шара. Мемлекет атқарушы билік өкілдері мен ел тұрғындары арасында жақын байланыс орнауын қамтамасыз етуі керек. Билік әрқашан азаматтардың ой-пікірімен санасып отыруы шарт. Осы ретте сайлау - тиімді тетік. Сондықтан егер сайлау биыл өтсе, оның қоғамға тигізер пайдасы көп болмақ. 

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ