Русский Сайттың толық нұсқасы

Президенттік сайлауды 2015 жылы өткізу бастамасын заңгерлер де құптап отыр

  • AstanaTV
  • 25 ақпан 2015
  • 1107

Қазақстан Республикасының Конституциясында Президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізуге тосқауыл жоқ. Бұл туралы Ата заңда нақты көрсетілген. Демек, Конституцияның барлық нормалар сақталып отыр.

Еуразия ұлттық университетінің халықаралық құқық кафедрасының профессоры Ербол Абайделдинов осылай деді. Айтуынша, президенттік және парламенттік сайлауды бір жылда өткізу Конституция бойынша дұрыс емес.

Осы орайда,
президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізу шешімі заңды» - деді профессор.

Ербол Абайделдинов, Л. Н. Гумилев ЕҰУ халықаралық құқық кафедрасының профессоры:

Парламент Сенаты төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық кеңестен, кезектен тыс президенттік сайлау өткізу туралы Ата заңдағы бапқа ресми түсініктеме беруді сұраған. Айта кетейін, Конституцияның 41 бабы, үшінші тармағында тек президенттік сайлау мерзімі мен Парламенттің жаңа құрамын сайлау уақыттары сәйкес келмеуі тиіс екені жазылған. Әрі онда президенттің кезектен тыс сайлау тағайындауына тосқауыл жоқ екендігі де айтылған.

Жұрағат БАМАН