Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан сотталғандар саны бойынша әлемдік рейтингте 55 орынға тұрақтады

  • AstanaTV
  • 02 ақпан 2016
  • 2801

Қазақстан сотталғандар саны бойынша әлемдік рейтингте 55 орынға тұрақтады. Елімізде 100 мың адамға 233 сотталушыдан келеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Абай Рахметулин айтты.

2014 жылмен салыстырғанда былтыр сотпен ақталған азаматтар саны 55 пайызға көп. Алдыңғы жылы олардың саны 478 болса, 2015 жылы 743-ке жетті. 9000 адам мерзімінен бұрын шартты түрде босатылса, 5520 адамның жазасы жеңіл жаза түріне ауыстырылған. Брифингте судьялардың адамгершілігі мен іскерлігін бағалайтын комиссия құрылатыны айтылды. 

Бағлан Мақұлбеков, Жоғарғы сот судьясы:

Біліктілік алқасы, жоғарыда айтылған заңға енгізілген өзгеріске байланысты, судьяға кандидаттар бір жыл тағылымнан өткеннен кейін, біліктілік емтиханын қабылдайтын болады. Олар қызметке тағайындалған соң, 5 жылдан кейін тағы осы біліктіліп алқасында емтихан тапсыратын болады.