Флойд Мейвезер мен Мэнни Пакьяо арасындағы жекпе-жекке
VIP-билеттер құны 65 мың АҚШ долларын құрамақ. Бұл жөнінде Allboxing.ru сайты
хабарлады. Екі боксшының кездесуі 2-ші мамыр күні Лас-Вегаста өтеді.
Олардың арасындағы келісім шарт 21-ші ақпанда бекітілді. Бұған
дейін Голливуд жұлдыздары мен бокс ардагерлері маңызды жекпе-жектерге билетті
тегін алатын. Енді жағдай басқаша. Промоутерлік компания басшысы Боб Арум
«Тегін билет ешкімге берілмейді. Барлығы ақша төлеуі тиіс.
««Қазір маған
жан-жақтан телефон шалушылар көбейді. Барлығына билет сатылады»,-деп жауап
бердім»,-дейді. Мейвезер — Пакьяо
кездесуіне билет сату әлі басталған жоқ. Дегенмен, бейресми ақпаратқа сәйкес,
қарапайым билеттердің орташа құны 10 мың АҚШ долларына жеткен.
Спортшылардың
сыйақысы белгілі. Жекпе-жекке келіскені үшін Мейвезер 120 миллион АҚШ долларын
иеленеді. Мэнни Пакьяо 80 миллион долларды қалтасына басады.
Самат ҚАНАҒАТОВ