Русский Сайттың толық нұсқасы

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы: Қызылшаға қарсы вакцина қауіпсіз

  • AstanaTV
  • 25 ақпан 2015
  • 963

Қызылшаға қарсы 15 пен 19 жас аралығындағы жасөспірімдерге егілген вакцина - қауіпсіз. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының еліміздегі өкілдік жетекшісі доктор Мелита Вуйнович осылай мәлімдеді. Біздің арна тілшілеріне сұхбат берген ол, ұйым Қазақстанда болған жайттарға қатысты тергеу амалдарын жүргізіп жатқанын айтты.

Вуйнович: "Қызылшаға қарсы екпенің қауіпсіздігінде ешқандай күмән жоқ. Екпеден кейінгі бас айналу, талып қалу, бас ауру сияқты тіркелген уақытша ауру белгілері балалардың жеке эмоционалдық реакциясы болуы мүмкін", - дейді. 

Мелита Вуйнович, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы өкілі:

Маңғыстау мен Теміртауда болған оқиғаларға келер болсақ, тіркелген жағдайлар науқастардың психологиялық эмоционалдық реакциясы деп есептейміз. Өйткені бас ауыру мен дене қызуының көтерілуі, лоқсу сияқты белгілер - қалыпты жағдай. Әсіресе қыз балаларда. Сондықтан бұл вакцинаға деген реакция деп айта алмаймыз. Әншейін, екпеден кейін байқалатын белгілер. Ал вакцинаның қауіпсіз екені жаһандық вакцинация комитетімен дәлелденген.

Мелита Вуйновичтың айтуынша, бүгінде үнділік вакцина әлемнің 140 елінде сәтті қолданылып жатыр. Қазақстанда осы күнге дейін қызылшаға қарсы 1,5 миллионнан астам адам егілген. Олардың жүзінде кері әсер байқалды. "Мұндай көрсеткіш қалыпты", - дейді Вуйнович.