Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ-та «Ислам мемлекеті» ұйымына қосылғысы келген деген күдікпен Қазақстан азаматы тұтқындалды

  • AstanaTV
  • 26 ақпан 2015
  • 1035

АҚШ-та «Ислам мемлекеті» ұйымына қосылғысы келген деген күдікпен Қазақстан азаматы тұтқындалды. «19 жастағы бозбала Сирия жерінде аталған ұйымға өтіп, қарулы шабуыл жасауға дайындалған» деген күдікпен қолға түскені туралы Федералды тергеу бюросының баспасөз қызметі хабарлайды.

Нью Иойркте тұтқындалған қазақстандық азаматтың аты-жөні - Ахрор Сайдахметов. Онымен қоса, 24 жастағы Өзбекстан азаматы Абрурасул Жорабаев та ұсталған. Соңғысы исламшыларды жақтап интернетте жазбалар қалдырғаны үшін, былтырдан бері құқық қорғаушылардың назарына іліккен.

Қазақстандық азамат Стамбулға билет алып жатқанан жерінен Нью-Йорк әуежайында ұсталған. Полиция, олардың Түркия арқылы Сирияға өтпек болғанын айтады. Енді бұл екеуінің кінәлары дәлелденсе, Америка заңы бойынша 15 жылға дейін бас бостандықтарынан айрылуы мүмкін.

Мөлдір ДЮСЕКИНА