Русский Сайттың толық нұсқасы

Moody's Мәскеу мен Петербург рейтингісін төмендетті

  • AstanaTV
  • 26 ақпан 2015
  • 1129

Moody's халықаралық рейтингтік агенттігі Ресейдің 11 облысы мен төрт қаласының рейтингісін төмендетті. Олардың санатында Мәскеу мен Санкт-Петербург та бар. Агенттіктің баспасөз баяндамасында «мұндай шешімге елдің мемлекеттік облигациялары рейтингісінің төмендеп кетуі себеп болған» деп жазылған.

Өткен аптаның аяғында Moody's басқа да үш негізгі агенттіктің хабарламасынан кейін, Ресейдің кредиттік жағдайы спекуляторлық деңгейге түсіп кеткенін жариялады. Енді дәл сол шекке Ресей Федерациясының қос Астанасы жетіп отыр.

Сондай-ақ, Краснордар, Волгоград, Башқортстан, Татарстан, Красноярск аймағы, Самара облыстарының көрсеткіші нашарлап кеткен. Алайда, бұл өңірлер бұған дейін де инвестициялық тартымсыздар санатында болатын.

Moody's агенттігінің бағалауы бойынша, тағы үш мемлекеттік кәсіпорынның деңгейі түсті. Жуырда ғана Ресейдің ірі банктерінің рейтингісі де төменгі сатыдан табылған-ды.

А. МУХИТОВА