Русский Сайттың толық нұсқасы

«Нұр Отан» партиясының кезекті XVI Съезі 11 наурызда өтетін болды

  • AstanaTV
  • 26 ақпан 2015
  • 1248

«Нұр Отан» партиясының кезекті XVI Съезі 11 наурызда өтетін болды. Партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев тиісті қаулыға қол қойды. Бұл жөнінде Партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлімдеді.

«Уақытымыз өте тығыз, алайда біз мұндай саяси науқанға әрдайым әзірміз. Партияның алдында тұрған міндет сайлау компаниясына қатысу. Бір апта көлемінде тиісті жұмыстарды ұйымдастырамыз», - деді, партия төрағасының бірінші орынбасары Астанада өткен селекторлық жиында.

Айта кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын өткізу туралы Жарлыққа кеше қол қойды. Мемлекет басшысы өз үндеуінде кезектен тыс Президент сайлауы 26-сәуірге белгіленетінін мәлімдеді.

Алдоңғаров АЗАМАТ