«Төл теңгенің төлем қабілетін арттыруға
бөлініп отырған қаржы банк жүйесінің жақсаруына оң септігін тигізеді». «Қазақстан
Халық банкі директорлар кеңесінің төрағасы Александр Павлов Мемлекет басшысымен
болған кездесу барысында осындай ой білдірді», - деп Ақорданың баспасөз қызметі
хабарлады.
Елбасы өз кезегінде «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Ұлттық қордан
экономикаға қаржы аударатын екінші деңгейлі банктерге артылар жауапкершілік
жүгі орасан екеніне тоқталды. Нұрсұлтан Назарбаев «аталмыш бағдарлама шағын
және орта бизнестің дамуы мен қаржы жүйесінің оңалуына маңызды тетік болуы
керек» деді.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ