Русский Сайттың толық нұсқасы

Керекулік мұғалімдер Н.Назарбаевтың президент сайлауына түскенін қалайды

  • AstanaTV
  • 27 ақпан 2015
  • 1000

Керекулік ұстаздар кезектен тыс Президент сайлауына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  өз кандидатурасын ұсынғанын қалайды. Мұғалімдердің пікірінше, Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясаты Қазақстанды дамыған елдердің санатына қосты.

«Қазақстан - әлемдік аренада ойып тұрып орын алған мемлекеттің бірі. Қазір дүние жүзіндегі көптеген елдер бізбен санасады. Бұл - мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қажырлы еңбегінің арқасы»,- деп біледі ұстаздар қауымы.

Білім беру саласының өкілдері сәуірдің соңғы жексенбісіне белгіленген саяси науқанды өткізуге белсенді атсалысамыз деп отыр. Және осы істе зор жауапкершілік танытуға әзір.

Назым Жомартова, Павлодар қаласы Абай атындағы №10 мектеп лицейінің мұғалімі:

Біз барлығымыз да осы Қазақстандағы бейбітшілікті, біздің тәуелсіздігіміз Назарбаевтың атымен байланысты деп есептейміз. Сондықтан осы сайлауда қазіргі біздің Президентіміздің кандидатурасы болады деген сенімдеміз. Және біз ұжыммен де, отбасымызбен де сол сайлауға қатысамыз.

Әсем МҰХИТОВА