Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан халықтық коммунистік партиясы атынан президенттік сайлауға төрт үміткер қатысуға ниетті

  • AstanaTV
  • 27 ақпан 2015
  • 1806

Қазақстан халықтық коммунистік партиясы атынан президенттік сайлауға төрт үміткер қатысуға ниетті. Алайда саяси ұйым жақын күндері өз ішінен іріктеу жүргізіп, олардың бірін нақты кандидат ретінде атауға дайын.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингтен соң Мәжілістегі коммунистер фракциясының жетекшісі Владислав Косарев мәлімдеді. Партия съезі алдағы аптада немесе сәл кейінірек өтеді деп жоспарланған. Саяси науқанға кімнің түсетіні сол кезде белгілі болады. 

Владислав Косарев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚХКП фракциясының жетекшісі:

Бұл саяси додаға қатысу мүмкіндігінен айырылып қалғымыз келмейді. Партия президенттік сайлау кезінде өз қатарының дайындығын тексеріп, халықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге ат салысуы керек. Біз билікке ұмтылған партиямыз. Бұл сайлау партия бағдарламасын орындаудағы шағын қадам болмақ. Бізде 4 үміткер бар. Бірақ аттарын атай алмаймын. Біз жоғары орыннан үміттіміз. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ