Русский Сайттың толық нұсқасы

Жамбыл облысында «Еврокоптер ЕС130» тікұшағы құлады

  • AstanaTV
  • 27 ақпан 2015
  • 1358

Жамбыл облысында тікұшақ құлады. «Еврокоптер ЕС-130» тікұшағы Қаратау қаласында ұшырылым кезінде құлады», - деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. Апат түскі сағат 12-лер шамасында цианид натрий өндіретін зауыт маңында болған.

Алдын ала болжам бойынша, тікұшақты басқару жабдығы істен шыққан болуы мүмкін. Абырой болғанда, адам шығыны жоқ. Әуе көлігінде тек басқарушы пилот қана болған. Апатқа ұшыраған тік ұшақ Оңтүстік Қазақстан облысындағы «САУТС-ОЙЛ» мұнай компаниясына тиесілі көрінеді.  

Данияр ӘЛІМҚҰЛ