Русский Сайттың толық нұсқасы

«Нұр Отан» партиясының Жеңістің 70 жылдығына орайластырылған бірыңғай ашық есік күні

  • AstanaTV
  • 02 наурыз 2015
  • 1327

Республика көлемінде өтіп жатқан Жеңістің 70 жылдығына орайластырылған бірыңғай ашық есік күні Шымкентте жалғасын тапты. «Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық  филиалының қоғамдық қабылдауына соғыс ардагерлері келді.

Партияның аймақтық филиалының төрағасы  Асқар Мырзахметов Отан соғысының бес ардагерін арнайы қабылдады. Олардың мұң-мұқтажына құлақ түрді. Бес ардагердің үшеуі баспанаға мұқтаж екендіктерін айтты.

Асқар Исабекұлы олардың жеңістің 70 жылдығы қарсаңында  қоныс тойын тойлайтынын айтып қуантты. Алдағы сәуір айында үшеуіне  де пәтер кілті табысталмақ. Кездесуде облыс әкімі Жеңістің 70 жылдығын тойлауға жоспарланған іс-шаралар барысымен бөлісті.

Аймақтағы соғыс ардагерлеріне 1 млн теңге көлемінде  материалдық көмек беріледі. Мереке қарсаңында билік партиясы атынан  қарт майдангерлерге өзге де тарту-таралғы жасалады. Өз кезегінде ақсақалдар партияға ризашылығын білдіріп,  батасын берді.

Әли Жүнісов, Отан соғысының ардагері:

Ұлы Отан соғысынан кейін 70 жыл өмір сүріп, 70 жылдан бері үй алып, ол үйдің рахатын көреміз бе, көрмейміз бе бір Алла біледі. Бірақ, сіздердің осы еңбегімізді бағалап, осы үйді бергеніңізге өте ризамыз. Рахмет. Көп жасаңыз айналайын. Ел аман, жұрт тыныш болсын.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ