Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда бұқаралық жүгіру ұйымдастырылып, оған 20 мың тұрғын қатысты

  • AstanaTV
  • 02 наурыз 2015
  • 1588

Көктемнің алғашқы күнін  Атырау облысының халқы белсенді бастады. Бұл күн жексенбі болғанына қарамастан, аймақта бұқаралық жүгіру ұйымдастырылып,оған 20 мың тұрғын қатысты.

Шаһардың екі аумағынан бастау алған жүгіруге қатысушы  жүйріктер Исатай-Махамбет алаңындағы мәре сызығында кездесті. Спорттық мерекеде  мектеп оқушыларынан бастап, кәсіпорын, мекеме қызметкерлері, сондай-ақ зейнеткерлер де белсенділік танытты.

Шараға облыстың барлық аудандары да үлес қосты. Атыраулықтар бұл шараны Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерекесіне арнап отыр. Осылайша тұрғындар халықтар достығын паш етіп қана қоймай, салауатты өмір салтын насихаттады.

Шара қорытындысы бойынша ең жас және ең қарт желаяқтар марапатталды. Мереке этномәдени бірлестіктер ұйымдастырған концертпен  жалғасты.

Сәлімжан Нақпаев, Атырау облысы әкімінің орынбасары:

Атырау қаласында, Құлсары қаласында облыстың басқа да аудандарында 20 мыңдай адам осындай спорттық жүгіріске қатысты. Өздеріңіз көрдіңіздер, халық бір ауыздан бүгінгі  мерекеге қатысып отыр. Еліміз аман болсын, халықтар достығы жасай берсін!

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ