Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанай қалалық соты Мысыр азаматы Бассем Фоулидің талап-арызын қанағаттандырмады

  • AstanaTV
  • 02 наурыз 2015
  • 1491

Қостанай қалалық соты Мысыр азаматы Бассем Фоулидің талап-арызын қанағаттандырмады. Шетелдік азамат «босқын» мәртебесін беруден бас тартқан көші-қон полициясына қатысты талап-арыз түсіріп, сотқа жүгінген болатын.

Алайда, қалалық сот судьясы Алтай Ерғалиев Ішкі істер департаменті мен көші-қон полициясы комитеті шығарған шешімдерді өзгеріссіз қалдырды. Шетелдіктің ресми өкілі ретінде сотқа қатысқан «Халықаралық адам құқығын қорғау» бюросының белсенділері енді облыстық, тіпті, Жоғарғы сотқа дейін арызданбақ ойда.

Алтай Ерғалиев, Қостанай қалалық сотының судьясы:

Бассем Фоулидің Қостанай облыстық ішкі істер департаменті көші-қон полициясы басқармасының шешімі мен Ішкі істер министрлігінің көші-қон полициясының «босқын мәртебесін» беруден бас тарту туралы шешімін заңсыз, - деп тану өтініші қанағаттандырылған жоқ.

Еске салайық, Мысыр азаматы Қостанайға өткен жылы келген. Ол - бірнеше мәрте көші-қон заңын бұзып, әкімшілік айыппұл төлеген,-дейді басқарма өкілдері.

Заңғар САНАЙ