Русский Сайттың толық нұсқасы

Ауғанстанда қар көшкінінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсетілуде

  • AstanaTV
  • 02 наурыз 2015
  • 1430

Ауғанстан билігі қар көшкінінен зардап шеккен аудандарға гуманитарлық көмек жіберуде. Рейтерстің хабарлауынша, табиғи апаттан қаза болғандарды еске алу үшін Ауғанстанда үш күн аза тұтылды.

Іздестіру операциялары әлі жалғасып жатыр. Құтқарушылар қар астынан аман қалған адамдарды табуға үмітті. Еске салайық, қар көшкіні Парьян, Хиса-Довам, Абдуллахель таулы аудандары мен Панджшер провинциясының орталығы саналатын Базарак қаласын басып өтті.

Бұл аймақтарда қалың қар қалыпты құбылыс. Көшкін көптеген тұрғын үйді басып, инфрақұрылым жүйелерін істен шығарды. Соңғы мәлімет бойынша, 260 адам қаза болды. Марқұмдар арасында әйелдер мен балалар да бар. Тағы 27 адам жарақат алған.

Айгүл ӘДЕПБАЙ