Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылшаға қарсы қосымша иммундауды тоқтату 4 мамырға дейін ұзартылды

  • AstanaTV
  • 02 наурыз 2015
  • 1161

Елімізде қызылшаға қарсы вакцинация жасауға тыйым мерзімі 4 мамырға дейін ұзартылды. «Осындай қаулыны бүгін бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин қабылдады»,- деп Ұлттық экономика министірлігі хабарлады.

Белгілі болғандай, үнділік вакцинаның сапасы әлі сараптамадан өтпеген. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары да тиісті қорытынды жасамапты. «Сондықтан иммундау кампаниясы 4 мамырға дейін тоқтатылады», - делінген хабарламада. Бұған дейін қызылшаға қарсы қосымша екпені дәрілік препараттарды зерттеумен айналысатын ұлттық орталық 10 күн ішінде зерттейді, сондықтан 2 наурызға дейін қызылшаға қарсы вацкинацияға тыйым салынады, деген ақпарат тараған-ды. Бұған елімізде тіркелген бірқатар келеңсіз жайттар себеп.

Еске салсақ, 11 ақпанда қызылшаға қарсы екпеден соң Теміртау медициналық колледжінің 18 оқушысы төсек тартып қалды. Ал 16-18 ақпан аралығында дәл осы вакцинадан Жаңаөзенде 30 шақты жасөспірім ауруханадан бір-ақ шықты.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА