Елімізде қызылшаға қарсы
вакцинация жасауға тыйым мерзімі 4 мамырға дейін ұзартылды. «Осындай қаулыны бүгін
бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин қабылдады»,- деп Ұлттық
экономика министірлігі хабарлады.
Белгілі болғандай, үнділік вакцинаның сапасы
әлі сараптамадан өтпеген. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары да
тиісті қорытынды жасамапты. «Сондықтан иммундау кампаниясы 4 мамырға дейін
тоқтатылады», - делінген хабарламада. Бұған дейін қызылшаға қарсы қосымша екпені
дәрілік препараттарды зерттеумен айналысатын ұлттық орталық 10 күн ішінде
зерттейді, сондықтан 2 наурызға дейін қызылшаға қарсы вацкинацияға тыйым
салынады, деген ақпарат тараған-ды. Бұған елімізде тіркелген бірқатар келеңсіз
жайттар себеп.
Еске салсақ, 11 ақпанда қызылшаға қарсы екпеден соң Теміртау
медициналық колледжінің 18 оқушысы төсек тартып қалды. Ал 16-18 ақпан
аралығында дәл осы вакцинадан Жаңаөзенде 30 шақты жасөспірім ауруханадан бір-ақ
шықты.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА