Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атына сайлау өткізу туралы шешімді қолдаған хаттар толассыз келіп жатыр

  • AstanaTV
  • 03 наурыз 2015
  • 1043

«Сіздің саясатыңызға және тәжірибеңізге сенім артамыз». Бірнеше мыңдаған қазақстандықтар Елбасына деген сенімін осылайша білдіруде. Мемлекет басшысының атына кәсіпорын жұмысшыларынан, көрнекті спортшылардан, өзге де көптеген еңбек ұжымдарынан сайлау өткізу туралы шешімді қолдаған хаттар толассыз келіп жатыр.

Хат иелері сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаевты кандидаттар қатарынан көргісі келетінін жазған. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Хат жазушылар қатарында жекелеген азаматтар да бар.

««Біз сізді миллиондаған қазақстандықтың өтінішіне құлақ асып, сайлауға қатысады»,- деп үміттенеміз. Біздің тағдырымыз ортақ, еліміз бір, Президентіміз біреу - ол Сіз.  Біздің болашағымыз - «Мәңгілік ел». Қазақстан халқы сайлауға белсенді атсалысады деп сенеміз», - деп жазады авторлар.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА