Русский Сайттың толық нұсқасы

Қытайда жыл басынан бері 6000 партия қызметкеріне қатысты жемқорлық бойынша қылмыстық іс қозғалды

  • AstanaTV
  • 03 наурыз 2015
  • 1091

Қытай билігі жемқорлықпен күресті күшейте түспек. Қытай Ұлттық саяси кеңесінің қатысушылары мемлекет бұл бағыттағы жұмыстарын әрі қарай жалғастыратынын мәлімдеді,-деп Рейтерс хабарлайды.

Кеңестің баспасөз хатшысы, Ли Синьхуа,
«елдегі ешбір жемқордың қауіпсіздігіне кепіл жоқ»,- дейді. Қытай билігі соңғы жылдары қоғамды жемқорлардан тазарту жұмыстарын қолға алды. Қолының «сұғы» бар азамттарға қарсы, билік өте қатаң шаралар қолданып, тіпті азаптау амалдарынан да бас тартпайды.

Мысалы, Қытайдың бір шалғай ауданының басшысы Ван Гуанло есімді азаматты жемқорлық үшін, тоңазытқыш камераға отырғызып, бірнеше күн қатарынан соққының астына алып, аштықпен азаптаған.

Осыдан кейін айыпталушы, билікпен
«кепілдікке ақша төлеп бостандық алу» туралы келісімнен үміттеніп, 27 мың доллар пара алғанын мойындаса керек. Алайда, билік кінәні мойындатып алып, сотталушыны кепілдікке босатпапты.

Бұл сценарий 50-ден астам жоғары шен иелеріне, оннан аса қызметшіге қолданылыпты. Сарапшылар, бұл күрес Қытай хатшысы Си Цзиньпиннің сайлау алды к
омпаниясының жемісі деген пікірде. Жыл басынан бері 6000 партия қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалған. Аспан асты елінің басшысы, бұл «қоғамды сауықтырудың» басы ғана дейді.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ