Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан Үкіметі Қырғызстанға берілер қаржылай көмектің нақты сомасын әлі бекіткен жоқ

  • AstanaTV
  • 04 наурыз 2015
  • 1190

Қазақстан Үкіметі Қырғызстанға берілер қаржылай көмектің нақты сомасын әлі бекіткен жоқ. Қазақстанның бас қаржыгері қолдау қаржы көлемі экономикалық шекара орнатуға қажетті көлемге сай есептеледі, - дейді.

Қазір жұмыс тобының жиналыстары өтуде. Есептер жасалып жатыр. Алдын ала болжам бойынша біздің есептер, тек экономикалық шекараны қалпына келтіруге қажетті қаражат туралы айтылды. Дегенмен келісім әлі нақтыланған жоқ.

Айта кетейік, 8 мамырдан қазақ-қырғыз арасындағы кедендік бекеттер жұмысын тоқтатып, екі ел кедергісіз сауда саттық форматына көшпек. Кей мәліметтер бойынша Қырғызстанның Экономикалық одаққа бірігу жол картасын әзірлеуге 377 млн доллар қажет.

Қырғызстан бұл қомақты қаражаттың 200 млн-ын  Ресейден алды. Ендігі қажеттілік 177 млн. Қалған ақшаны Қазақстан өз мойнына ала ма, әлде одақтың өзге мүшелері Беларусь пен Армения жүкті жұмыла көтере ме, белгісіз.

Сондай-ақ,  Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Қазақстан мен Венгрия арасында қылмыскерді ұстап беру және сотталған азаматтармен алмасуды қарастыратын заң жобасы таныстырылды.

Құжатты төменгі палатаға әкелген Бас прокурордың орынбасары Иоган Меркель Қазақстанның Австриядағы бұрынғы елшісі Рахат Әлиевтің денесін Қазақстанға жеткізу мәселесіне қатысты түсініктеме берді.

Иоган Меркель, ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары:

Ол іс бойынша медициналық сараптама әлі аяқталған жоқ. Сіздер барлығын бірден білгілеріңіз келеді. Сараптама оларда да біздегідей ұзақ жүреді. Ешқандай айырмашылық жоқ. 

Иоган Меркель бұл мәселемен Сыртқы істер министрлігі айналысып жатқандығын мәлімдеді. Зерттеулердің қаншаға созылары белгісіз.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ