Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының басқарма төрағасы Нұрлан Қаппаровты қабылдады

  • AstanaTV
  • 04 наурыз 2015
  • 1314

Мемлекет басшысы «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының басқарма төрағасы Нұрлан Қаппаровты қабылдады. "Қаппаров Президентке компанияның трансформация бағдарламасы негізінде атқарылып жатқан жұмыстары туралы баяндады, сондай-ақ оның жаңартылған даму стратегиясын таныстырды", - деп хабарлады  Ақорданың баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев уран өнеркәсібі еліміздегі негізгі салалардың бірі екеніне және әлемдік нарықта елеулі орынға ие болып отырғанына тоқталды. Елбасы уран өндірісін тиімді бақылауды қамтамасыз ету қажеттігіне, шетелдік жетекші компаниялармен өзара тиімді ынтымақтастық орнатудың және бірлескен жобаларды жүзеге асырудың маңыздылығына назар аударды. 

Нұрлан Қаппаров, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы:

Бүгін мен Елбасымызға жаңартылған стратегиясы жөнінде айтып бердім. Қазір Қазақстан уран шығаратын елдердің арасында бірінші орынды алып отыр. Ол әлемдегі уран шығаратын 40 пайызы. Біздің мақсатымыз - толық ядролық отын шығаратын циклды құру. Бұл дегеніміз тек қана уранды шағару емес, ол деген АЭС-терге арналған ядролық отынды шығару. «Қазатомпром» әлемдегі ядролық отын жасайтын компаниялар арасында жақсы орын алу керек.