Русский Сайттың толық нұсқасы

Рахат Әлиевтің өлімі бойынша медициналық сараптама қорытындысы әлі дайын емес - Иоган Меркель

  • AstanaTV
  • 04 наурыз 2015
  • 1012

Қазақстанның Австриядағы бұрынғы елшісі Рахат Әлиевтің өлімі бойынша сараптама әлі жүргізіліп жатыр. Бас прокурордың орынбасары Иоган Меркель Австрия сарапшыларының зерттеу қорытындылары әлі дайын еместігін айтты. 

Иоган Меркель, ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары:

Ол іс бойынша медициналық сараптама әлі аяқталған жоқ. Сіздер барлығын бірден білгілеріңіз келеді. Сараптама оларда да біздегідей ұзақ жасалады. Ешқандай айырмашылық жоқ.

Еске салсақ, Рахат Әлиев 24 ақпан күні Вена түрмесінде көз жұмды. Тергеудің алдын-ала болжамы - суицид. Австриялық басылымдар, Қазақстанның экс-елшісі өз камерасында асылған күйінде табылғанын, жазды.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ