Русский Сайттың толық нұсқасы

Сауд Арабиясы бірқатар мемлекеттер үшін мұнайдың экспорттық бағасын жоғарылатты

  • AstanaTV
  • 05 наурыз 2015
  • 1124

ОПЕК -ке мүше елдер арасындағы ең ірі мұнай экспортері Сауд Арабиясы Азия мемлекеттері мен АҚШ-қа сатылатын қара алтын құнын арттырды. Себебі, бұл елдерде шикізатқа сұраныс көбейген. Рейтерстің хабарлауынша, АҚШ үшін мұнай 1 долларға, ал Азия елдері үшін 1,4 долларға қымбаттады.

Еуропаның солтүстік-батысы мен Жерорта теңізі аумағындағы елдерге сатылатын мұнай бағасында да 0,3 долларлық өсім бар. Көптеген трейдерлер, Сауд Арабиясы мұнайдың әлемдік құнын барреліне 60 доллар деңгейіне көтеру мақсатында баға саясатын өзгертеді, - деп болжаған.

Өткен жылы корольдік пен ОПЕК-тің өзге де мүшелері, АҚШ-тың қатпарлы мұнайы нарықты жаулап алмауы үшін мұнай бағасын күрт төмендеткен-ді. Өткен аптада, Сауд Арабиясының Мұнай өнеркәсібі министрі Әли әл-Наими сұраныстың өсіп, нарықтың қалыпты күйге түскенін мәлімдеді.

Ал сарапшылар, нарықта мұнайдың әлі де шамадан тыс көп болатынын болжап, бағаның тұрақтана қоймайтынын алға тартуда.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ