Русский Сайттың толық нұсқасы

2017 жылдан бастап базалық зейнетақы еңбек өтілінің мерзімімен есептеледі

  • AstanaTV
  • 05 наурыз 2015
  • 1091

Елімізде зейнетақы жүйесі тағы да өзгеріске ұшырамақ. 2017 жылдың бірінші шілдесінен бастап базалық зейнетақы еңбек өтілінің мерзімімен есептеледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді.

Оның айтуынша, бүгінде әлеуметтік жаңғырту барлық бағытта жан-жақты жүріп жатыр. Және ең бірінші бағыт - зейнетақы жүйесі.

Светлана Жақыпова, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі:

Зейнетақы 2017 жылдың бірінші шілдесінен еңбек өтіліне қарай тағайындалады. Егер адамның еңбек өтілі 10 жылдан аз болса, базалық зейнетақы ең төменгі күн көріс деңгейінің 50 пайызын құрайды. Одан кейінгі жылдары еңбек өтілі 10 жылдан асса, әр жылға 2 пайыздан қосылып отырады. Егер еңбек өтілі 20 жыл болса, базалық зейнетақы мөлшері күн көріс деңгейінің 70 пайызынан құралады. Ал зейнеткердің еңбек өтілі 35 жыл және одан артық болса, базалық зейнетақысы бір күндік көріс деңгейінің толық мөлшерімен есептеледі.

Брифингте вице-министр баяндамасын ресми тілде ғана оқып бергені үшін қазақ тілді журналистерден кешірім сұрады. Журналисттер баяндаманы аударуға тура келетінін айтып, реніш білдірді. Өйткені өз жұмысымен қоса аудармашының жұмысын да қатар атқаруға мәжбүр. Осы орайда, аудармашылық жұмыс үшін еңбек өнімділігі қалай өтелу керектігін де сұрады.

Светлана Жақыпова, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі:

Мен сіздерден енді кешірім сұраймын. Екі тілде айтсақ, уақыт шектеулі деді. Отыз пайыздай. Енді келесі жолы келгенде тек қана қазақша берейін сізге ақпаратты. Ал жаңағы еңбек өтемін айтып отырмыз. Негізі менің білуімше дополнительные выплаты деп айтамыз, үстемақы беріледі. Негізі сіздерде де солай болу керек деп санаймын.

Айгүл ӘДЕПБАЙ