Русский Сайттың толық нұсқасы

Оңтүстік Корея полицейлері АҚШ елшісіне шабуыл жасаған күдіктіні ұстады

  • AstanaTV
  • 05 наурыз 2015
  • 1080

Оңтүстік Кореялық полицейлер Америка Құрама Штаттарының елшісіне шабуыл жасаған күдіктіні ұстады. Сеулде елші Марк Липпертке тап берген адам 55-жастағы Оңтүстік Корея азаматы Ким Ги Чжон болып шықты.

Рейтерстің хабарлауынша, ол бұрын жапон елшісіне шабуыл жасағаны үшін сотталған. Бірнеше рет Солтүстік Корея елінде болған. Сондай ақ бұл азамат Солтүстік Корея көсемі Ким Чен Ир қайтыс болғанда, Сеулдің орталығында қаралы рәсім өткізуді жоспарлаған.

Еске салайық, Марк Липперт Сеулде болатын дәріске бет алғанда күдікті оған тап берген. Полицейлердің мәлімдеуінше, пышақпен елшінің беті мен қолын жарақаттайды. Қазір Липперт ауруханада жатыр.

Оның өміріне төнген қауіп жоқ. АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілдері бұл шабуылды айыптады. Ал президент Барак Обама елшінің тезірек сауығып кетуін тіледі. Корея Президенті Пак Кын Хе бұл Оңтүстік Корея мен АҚШ -тың альянсын жақтамаушының қастандығы деп мәлімдеді.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА