Русский Сайттың толық нұсқасы

Кезектен тыс президент сайлауын өткізуге 5,5 миллиард теңге бөлінеді

  • AstanaTV
  • 05 наурыз 2015
  • 851

Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов кезектен тыс президент сайлауына қанша қаражат бөлінетінін айтты. Бұл мақсатқа үкімет өз қорынан 5,5 миллиард теңге бөлмек.

Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі:

Тиісті мемлекеттік органдармен бұл мәселені талқыладық, жұмыс тобы құрылған болатын. Сайлауға 5,5 млрд теңге көлемінде қаражат белгіленді. Бүгін бұл соманы Үкіметтің қорынан бөлу қарастырылуда. 

Сондай-ақ, арнайы баспасөз отырысы барысында бас қаржыгер мүлікті заңдастыру науқаны аясында ел қазынасына шамамен 300 миллион теңге қаржы түскенін айтты. Жалпы акция шеңберінде 200 млрд теңгеден астам қаражатты заңдастыруға өтініш түсіпті.

Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі:

Екінші деңгейлі банктерде 69 шот ашылды, оған 10 млрд теңгеге жуық қаражат түсті. Қазір ол айналымда.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА