Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының XVI съезіне делегат болып сайланды

  • AstanaTV
  • 05 наурыз 2015
  • 1747

«Нұр Отан» партиясы төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партияның кезекті XVI съезіне делегат болып сайланды. Бүгін «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының 21 конференциясы өтті. Онда партияның кезекті съезіне қатысатын делегаттар тізімі жасақталды. 101 делегаттың қатарында Президент Назарбаев та бар.

Сондай-ақ, Саяси кеңес мүшелері, аймақтық филиалдардың жетекшілері, «Партияның 50 тұлғасы» жобасының қатысушылары мен партия белсенділері іріктелді. Қазір Астанда 35 мың нұротандықты біріктіретін 323 бастауыш партия ұйымы бар.

Еске салайық, 11 наурызда билік партиясы кезекті XVI съезді өткізуді жоспарлап отыр. Онда саяси партия 26 сәуірде өтетін президент сайлауына үміткер ретінде Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын ұсынуы мүмкін.

На 16-й очередной съезд партии «Нур Отан» выдвинуть от астанинского городского филиала партии следующих делегатов. Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы - Елбасы, «Нұр Отан» партиясының төрағасы.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ