Русский Сайттың толық нұсқасы

Дәрігерлер АҚШ елшісі Марк Липперттің жағдайы тұрақты деп отыр

  • AstanaTV
  • 06 наурыз 2015
  • 1246

Дәрігерлер АҚШ елшісі Марк Липперттің жағдайы тұрақты деп отыр. Құрама штаттардың елшісіне Сеулде Оңтүстік Корея азаматы шабуыл жасаған. Липпертке тап берген күдікті пышақпен елшінің беті мен қолын жарақаттайды.

Елшіге шұғыл медициналық көмек көрсетілді. Дәрігерлер оның бет-жүзін 80 жерінен тіккен. Артынша 55-жастағы күдікті қолға түсті. Рейтерстің хабарлауынша, ол бұрын жапон елшісіне шабуыл жасағаны үшін сотталған.

Бірнеше рет Солтүстік Кореяда болған. Сондай ақ аталған елдің көсемі Ким Чен Ир қайтыс болғанда Сеулде қаралы рәсім өткізуді жоспарлаған. АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілдері бұл шабуылды айыптады.

Президент Барак Обама елшінің тезірек сауығып кетуін тіледі. Ал Корея Президенті Пак Кын Хе бұл Оңтүстік Корея мен АҚШ-тың альянсын жақтамаушының қастандығы,- деп мәлімдеген-ді.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА