Русский Сайттың толық нұсқасы

Көктемнің шаш үлгісі - бұрым

  • AstanaTV
  • 06 наурыз 2015
  • 3084

Көктемнің шаш үлгісі - бұрым. Қызылорда облысы Жалағаш ауданының оқушы қыздары арасында ең әдемі және ұзын бұрым байқауы өтті. 13 пен 18 жас аралығындағы қыздар қазылар алқасы алдына шығып, баудай бұрымдарын көрсетті. Бұрым өру әдістерін байқатып, шаш күту тәсілдері туралы айтып берді. 

Арайлым Әмірбекқызы, Жалағаш кенті № 246 мектептің 8 сынып оқушысы:

Шашымды 5 жасымнан бері өсіріп келе жатырмын. Шашымның ұзындығы 100 сантиметр, ал қалындығы 16 сантиметр болды. Кей-кездері айранның сары суымен жуғанды жақсы көремін, сол кезде менің шашым ұзара түседі және қалыңдай түседі.

Байқау ұйымдастырушыларының айтуынша, ерте кезде өрілген бұрымға қарап, бойжеткеннің тұрмысқа шыққан-шықпағанын таныған. Мысалы, басы бос қыз бір бұрыммен жүрсе, екі бұрым - тұрмыс құрған жас келіншек екенін білдіреді. Мерекелік байқау барысында жиналғандарға қыз бала үшін бұрымның қаншалықты маңызды екені, шаш күтімі жайлы сөз қозғалды. 

Бахыт Қантаева, қазылар алқасының төрайымы:

Қыздардың бойындағы тал-шыбықтай өрілген бұрымның ұлтымыздың ең тамаша, сәнді байлығы деп есептейміз. Сондықтан бүгінгі байқаудағы қыздарымыздың жақсы шаштарынын үлгі-өнегелері, оларды күтудегі іс-әрекеттері бізге ұнады.

Шарипа САҚТАПОВА