Русский Сайттың толық нұсқасы

«Дэвис» кубогында сынға түсіп жатқан Михаил Кукушкин үздік шықты

  • AstanaTV
  • 06 наурыз 2015
  • 1106

Астанада теннистен «Дэвис» кубогының 1/8 финал ойындары жалғасуда. Италия командасымен болған алғашқы кездесуде Михаил Куккушкин жанкүйерлер қошеметіне бөленді. Бұл сында еліміздің бірінші ракеткасы Сионе Болеллимен кездесіп, үш сетте жеңісе жетті. Дегенмен, бірінші сет тартысты өтті.

Бұл аралықта жеңімпаз тек тай-брейкте анықталды. Жауапты сәтте табандылығымен танылған Михаил Кукушкин 8-6 есебімен басым түсті. Бұл жетістігінен кейін шабыттанған Қазақстан спортшысы ұпай санын арттырды. Өз кезегінде жиі қателесіп, қарсыласының қарқынына төтеп бере алмаған Симоне Болелли аяғы жеңілісін мойындады. Келесі кездесуде кортқа Андрей Голубев пен Андреас Сеппи шықты. 

Самат ҚАНАҒАТОВ