Русский Сайттың толық нұсқасы

Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президент сайлауына үш үміткерді кандидат ретінде тіркеуден бас тартты

  • AstanaTV
  • 10 наурыз 2015
  • 1449

Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президенттік сайлауға кандидат ретінде тағы 3 адамды тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылдады. Олар: жанар-жағар май құю станциясының бастығы Қанат Жұман, «Халыққа баспана қалсын» борышкерлер қозғалысының жетекшісі Есенбек Үктешбаев пен саясаткер, бұрынғы сенатор Уәлихан Қайсаров.

Комиссия мүшесі Ляззат Сүлейменнің айтуына қарағанда
, үш үміткер де мемлекеттік тілге шорқақ. Бұны лингвистикалық комиссия қорытындысы көрсетті. Тілді меңгеру деңгейін тексерген комиссия мүшелерінің бағасына сүйенсек, үміткер Үктешбаев қазақ тілінде «сөйлемдер құрай алмаған».

Ал Қайсаров - 25, Жұман - 31 стилистикалық және пунктуациялық қате жіберген. Ел басқаруға ниетті азаматтар «Сайлау» туралы заңның талаптарына сәйкес келмегендіктен Қазақстан Респуб
ликасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркелген жоқ.

Ләззат Сүлеймен, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

Қанат Тоқтарұлы Жұманның мемлекеттік тілді еркін меңгермегені анықталды. Сол себепті, Қанат Тоқтарұлы Жұман ҚР Конституциясының және «Сайлау» туралы заңның талаптарына сәйкес келмейді,-деп белгіленсін. Қанат Тоқтарұлы Жұманды Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеуден бас тартылсын.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА