Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ Украинаны қару-жарақпен қамтамасыз етуден бас тартты

  • AstanaTV
  • 10 наурыз 2015
  • 852

АҚШ Президенті Барак Обама Германия канцлері Ангела Меркельмен кездескеннен кейін, Украинаға қару жіберуден бас тартты. Бұл ақпаратты Вашингтондағы неміс елшісі Петер Витте Associated Press-ке берген сұхбатында айтты.

Ангела Меркель сөз арасында,
«қазіргі уақытта саяси және дипломатиялық келісімдерді жалғастырып, Украинаның шығысындағы қақтығысты тоқтату үшін бар күшті салу қажет»,-деді.

Петер Виттенің айтуынша
, «АҚШ пен Германия басшылығы ортақ шешімге келіп, Украинаға қару-жарақ жіберуден бас тартты». Кездесуден кейін Ақүй басшысы Донбастағы жағдайды саяси тұрғыда шешу керектігін тілге тиек етті. Дегенмен, бұл мәселеге байланысты нақты шешімді әлі қабылдамағанын жеткізді.

Самат ҚАНАҒАТОВ