Русский Сайттың толық нұсқасы

Бүгін республиканың басым аймақтарында жел күшеймек

  • AstanaTV
  • 10 наурыз 2015
  • 899

ІІМ ТЖД-нің баспасөз қызметі таратқан ақпарат бойынша, бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді, жауын-шашын болады. Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетіп, көктайғақ болады.

Ал, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде қатты жел тұрып, бұрқасын күшеймек. Маңғыстау облысының жекелеген аудандарында да, сондай-ақ Атырау облысында тұман түседі.

Дәл осындай ауа
-райы Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Алматы облыстарында да байқалмақ. Қазгидрометтің хабарлауынша, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында республикалық маңызы бар жолдар жабылған.

Тоғжан ОСПАНБАЕВА