ІІМ ТЖД-нің баспасөз қызметі таратқан ақпарат бойынша,
бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді, жауын-шашын болады. Оңтүстік Қазақстан,
Жамбыл, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында желдің жылдамдығы
секундына 15-20 метрге жетіп, көктайғақ болады.
Ал, Ақмола, Солтүстік Қазақстан
облыстарында кей жерлерде қатты жел тұрып, бұрқасын күшеймек. Маңғыстау
облысының жекелеген аудандарында да, сондай-ақ Атырау облысында тұман түседі.
Дәл осындай ауа-райы
Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Алматы облыстарында да байқалмақ.
Қазгидрометтің хабарлауынша, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында республикалық
маңызы бар жолдар жабылған.
Тоғжан ОСПАНБАЕВА