Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентке қыс қайта оралды

  • AstanaTV
  • 10 наурыз 2015
  • 1864

Шымкентке қыс қайта оралды. Кеше кештен басталған жауынның арты қарға ұласты. Әлі тоқтаусыз жауып тұр. Ақ ұлпаның қалыңдығы қазір 12 -13 см-ге жетіп қалды. Ақпан айы биыл жылы болғандықтан, жеңіл киімге көшіп үлгерген тұрғындар қысқы киімін қайта шығаруда.

Мекемелердің ауласында қар күреп жатқандар да бар. Синоптиктер облыс орталығында тап қазір ауа-райы -2 градусты көрсетіп тұрғанын айтады. Түнде -4,- 6 градус суық болады деп күтілуде.

Ауа-райын болжаушылар, биылғы наурыз жылдағымен салыстырғанда салқын болады дейді. Оңтүстік Қазақстанда ертең де қар жаууы ықтимал.

Мақсат Төленгітов, «Қазгидромет» РМК ОҚО инженер-синоптигі:

Бүгін салқын ағыммен келген қар сақталып, ауа температурасы түнде 0, -5, кей жерлерде -8, -13 аязға, күндіз 0, -5 кей жерлерде -3 градус аязға дейін төмендеу сақталады.12,13-ші наурыз аралығында ауа температурасы біршама көтеріліп, бірақ 14-17-сі аралығында солтүстік батыстан жылжитын салқын ауаның салдарынан ауа-температурасы қайта төмендеп, таулы аудандарда қар жауады деп күтілуде.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ