Русский Сайттың толық нұсқасы

«Оралу» фильмін Тараз тұрғындары да тамашалады

  • AstanaTV
  • 10 наурыз 2015
  • 1755

«Оралу» фильмінің тұсаукесері Таразда да өтті. Көрермен назарына ұсынылған кинотуынды көптің көңілінен шықты. Басты кейіпкер, жас ғалым Мақсаттың елге деген махаббатын айналасындағы адамдар өзгертуге ықпал етеді.

Осылайша оның Отанға деген көзқарасы түбегейлі өзгереді. Ақыры аз уақытқа аялдаймын деп келген жігіт атасының ғылымға енгізген жаңалығын жариялайды.

Еркебұлан Құралбаев, Жамбыл облысы әкімдігі Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы:

Фильмді көре отырып, бүгінгі күнгі мемлекетіміз үшін жасалып жатқан, жастарымыз үшін жасалынып жатқан, түрлі бағдарламалардың құрдан құр еместігін жастар түсініп отыр. Осы фильмді көру арқылы жастардың бойындағы патриоттық сезімін отанға деген сүйіспеншілігін арттыратына біз сенімдіміз.

Данияр ӘЛІМҚҰЛОВ