Қырғызстан
азаматтары Грузия мен Украина арқылы Сирияға баратын болған. Экстремистердің қатарына
қосылмақ болған қырғыз азаматтары, Сирияға Грузия мен Украина арқылы жеткен.
Мұндай ақпаратты, «Интерфакс» агентігі Қырғыз Ішкі Істер Министрлігінің 10-шы
Бас басқармасының басшысы Рафик Мәмбеталиев айтты,- деп хабарлайды. Ресми
өкілдің сөзіне сенсек, бүгінде Сирияда Қырғызстаның 232 азаматы жүр.
Олардың
22-сі оққа ұшқан көрінеді. Қан судай төгілген Сирия, Ирак пен Ауғанстан
жерлеріне Қырғызстаннан жалпы саны 318 адам кеткен. Жат жерге барып, жат ағым
үшін қан төгуге аттанғандардың ішінде жас қыз-келіншектер мен тұтастай
отбасылар да бар көрінеді.
Еркін КАРИН