Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордада су тасқынының алдын алу шаралары қазірден пысықталуда

  • AstanaTV
  • 11 наурыз 2015
  • 973

Астанада су тасқынының алдын алу шаралары қазірден пысықталуда. Шаһар басшысы Әділбек Жақсыбековтің төрағалығымен Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысы өтті.

Басқосуда су тасқынына қарсы шаралардың жоспары сөз болды. Әкім, көктемгі мезгілде су басудың алдын алу - қалалық қызметтер мен ведомство басшыларының ерекше назарында болу керектігін еске салды.

Әділбек Жақсыбеков - Төтенше жағдайлар департаментіне қала аумағынан қардың шығарылуын, тиісті ведмстволардың төтенше жағдайлардың салдарын жою мәселесін қадағалауды, әрі материалдық-техникалық құралдардың қорын құруды тапсырды

Сондай-ақ, жиын барысында сөз алған аудан әкімдері су басу қаупіне қарсы қандай жұмыстар атқарылып жатқанын баяндады. Мәселен бүгінде барлық аудандарда штабтар жұмысы басталып кеткен.

Кеңес қорытындысы бойынша қала басшысы қауіптің алдын алу шараларын тиімді жүзеге асыруға қатысты тиісті мекемелерге бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Жұрағат БАМАН