Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан және Ресей велоспорт федерациялары әріптестік туралы меморандумға қол қойды

  • AstanaTV
  • 12 наурыз 2015
  • 2252

Қазақстан және Ресей велоспорт федерациялары әріптестік туралы меморандумға қол қойды. Келісім бойынша екі елдің федерациялары-велоспорт түрлерін дамытуға ат салысады. Ортақ іс-шараларды бірігіп жүзеге асырады.

Бапкерлер мен спорт менеджерлері тәжірибе алмасып, семинарлар ұйымдастырылады. Меморандумға сәйкес, орталықтандырылған мәліметтер базасы құрылып, ортақ сараптама топтары жұмыс істемек.

Жас спортшыларға да жақсы мүмкіндік туып отыр. Қазақстан және Ресейде өтетін жарыстарға екі елдің спортшылары қатысып, біліктілігін арттыруға мүмкіндік алады. Сондай-ақ, допингке қарсы күрес мақсатында бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылады.

Самат ҚАНАҒАТОВ