Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандық жұмыскерлер Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік сайлауға түсу бастамасын қолдайды

  • AstanaTV
  • 12 наурыз 2015
  • 1023

Қазақстандық жұмыскерлер «Нұр Отан» партиясының Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты президент сайлауына үміткерлікке ұсыну  бастамасын қолдайды.

Елордадағы «Тұлпар-Тальго» зауытының 300-дей жұмысшысы партияның ХVI съезінің шешімін құптайтындарын мәлімдеді. Олар өздері  жұмыс істеп жатқан кәсіпорынның Мемлекет басшысының қолдауымен ашылғанын айтады. «Тәуелсіз еліміздің бүгінгі саяси бағытын қолдаймыз», - дейді зауыт жұмыскерлері.

Төлеген Құнаділов, «Тұлпар-Тальго» ЖШС кәсіподақ комитетінің төрағасы:

Біздің «Тұлпар-Тальго» зауытынының ұжымы атынан Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың президенттік сайлауға қатысу ұсынысын толығымен, бір ауыздан қолдаймыз деп кепілдік бере аламын.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ