Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанайда 7 сынып оқушысы жоғалды

  • AstanaTV
  • 12 наурыз 2015
  • 1251

Қостанайда 7 сынып оқушысы із-түзсіз жоғалып кетті. Сабаққа кеткен Арлан Жүсіпов 10 күннен бері үйіне оралмаған. Бозбаланы туған-туыстарымен қатар, полицейлер де іздестіруде. Арлан наурыздың екісі күні мектепке кеткен. Содан бері оның қайда жүргенін ешкім білмейді. Кенже баланың із-түзсіз кеткеніне анасы мен бауырлары алаңдаулы.

Ешқандай хабар жоқ, бізде. Сол іздестіріп жатырмыз. Мүмкін, біз білмейтін жолдасы бар шығар алыс ауылда тұратын. Соның үйінде шығар деп ойлап отырмыз.

17 жастағы Арлан Жүсіпов Қостанайдағы нөмірі 21 мектепте оқиды. Бұған дейін де бірнеше білім ордасында оқыған. Мұғалімдері сабақ үлгерімі орташа екенін айтады. Қосымша үйірмелерге қатысып жүреді екен. «Бірақ тұйық мінезді бозбаланың мектепте ешқандай досы болған жоқ», -  дейді ұстаздары.

Ольга Янкова, Қостанай қалалық № 21 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:

Ол мектептегі барлық  мерекелерде аса белсенділік танытқан жоқ. Сыныптастары кіші болғандықтан ба, Арлан олармен жөнді араласқан жоқ. Тіпті оның мектепте досын байқамадық. Бірақ тапсырманы екі етпей орындайтын.

Заңғар САНАЙ