Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда тұтынушылардың сауаттылығын арттыру ісі қолға алынбақ

  • AstanaTV
  • 12 наурыз 2015
  • 1477

Тауар өндірушілер сапалы өнім шығарып, олардың арасында бәсекелестік пайда болу үшін, тұтынушының сауаттылығын арттыру қажет. Мұндай пікірін журналистермен кездесуде «Тұтынушылар ұлттық лигасы» бірлестігінің басқарма төрайымы Светлана Романовская білдірді. Ол бүгінде тұтынушылардың сауаттылығын арттыру бойынша оқу орталықтарын ашу көзделіп отырғанын айтады. «Дауларды сотқа жеткізбей шешудің әдістері көп. Осы орайда талап-арыздар құрастырып, халықты оның тәртіптерімен таныстырып, сауаттылық курстарын ашу керек», - деп санайды Светлана Романовская.

Бір жыл ішінде ұлттық лиганың «жедел желі» телефондары мен сайтына 3 мыңнан астам тұтынушы сапасыз тауарлар мен қызметтер жөнінде хабарлаған.
Бірлестік 22 арыз бойынша сотқа шағымданған. 11 миллион теңгеден астам соманы құрайтын талап қанағаттандырылды.

15 наурыз
дүние жүзі бойынша Тұтынушылар құқығын қорғау күні. Атаулы датаға орай, қоғамдық бірлестікке бірқатар Мәжіліс депутаттары мүше болды.

Құттықожа Ыдырысов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Тұтынушылар ұлттық лигасы» РҚБ мүшесі:

Тұтынушы болғаннан кейін барлық мына сапасы өнімнің болуы керек. Сатқан кезде ол сапалы болып. Сондықтан да мынау бүгін өзіміздің республикамызда да осы «Тұтынушылар ұлттық лигасының» конференция өткізіп отырғаны. Бұл халыққа жетуі керек. Біз айтуымыз керек. Сондықтан да мына тұтынушылардың, қай кезде болғанда да, құқығы қорғалуы керек.

Жұрағат БАМАН