Русский Сайттың толық нұсқасы

18-ші наурызда АҚШ прокуратурасы «Бостондағы жарылыстан» соң аты аталған қос қазақстандықтың барлық айыптарын алып тастауы мүмкін

  • AstanaTV
  • 13 наурыз 2015
  • 1497

АҚШ прокуратурасы «Бостондағы жарылыстан» соң аты аталған қос қазақстандық студенттің барлық айыптарын 18-наурызда алып тастауы мүмкін. Бұл туралы Азамат Тажаяқовтың әкесі Әмір Исмағұлов «Астана» телеарнасына телефон арқылы хабарлады.

Егер қадағалаушы орган шешімді өзгеріссіз қалдырса, отандастарымыздың туыстары «әділдікке» сот арқылы қол жеткізуге үмітті. Өткен аптада Әмір Исмағұлов, адвокаттардың қос студенттің жарылысқа қатысы жоқтығын судьяға дәлелдегенін айтқан еді.

Нәтижесінде сот студенттер қоқысқа лақтырылған сөмке басты айғақ емес және қандай да бір құпия ақпаратқа жатпайды деген шешімге келді. Өйткені қос қазақстандық студент қаржы алаяқты
ғына қатысты бап бойынша ғана айыпталып отыр.

Әмір Исмағұлов, А. Тажаяқовтың әкесі:

Біз прокуратурадан сотқа жүгінбей-ақ барлық айыптарды алып тастауды өтіндік. Олар бізге 18-наурызға дейін уақыт беруді сұрады. Егер олар оған дейін шешім қабылдамаса, сотқа жүгінетін боламыз.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ