Русский Сайттың толық нұсқасы

Бұдан былай Ауыл шаруашылығы министрлігі пара алған қоластындағы мамандары үшін жауап береді

  • AstanaTV
  • 13 наурыз 2015
  • 1113

Бұдан былай Ауыл шаруашылығы министрлігіне тиесілі аймақтық бөлімшілердің басшылары пара алған қоластындағы мамандары үшін жазаға тартылады. Бұл жайында селекторлық кеңестің барысында аталған ведомствоның жауапты хатшысы Арман Евниев мәлім етті.

Оның айтуынша, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін қолданылған қосымша амалдар туралы бұйрық ақпан айында бекітілген болатын. Бұл құжатта: «Егер де Ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметкері «бармақ басты көз қысты» әрекетке жол берсе, бұл тікелей оның жетекшісінің қателігі» делінген.

Комитет төрағалары да әрбір факті бойынша Министрдің атына түсініктеме хатын жолдауы керек. Арман Евниев, бұл бұйрықтың орындалуын қатаң бақылайтынын қадап айтты.

Арман Евниев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы:

Егер де белгілі бір ауданның қарапайым инспекторы құқық бұзушылық жасаса, ол үшін сол аудандық инспекцияның басшысы жауап береді. Егер де бір өңірде олқылықтар екі рет қайталанса, онда облыстық инспекцияның жетекшісі жазаланады. Себебі, бұл динамикаға ұласуы мүмкін. Егер де қос жағдай бірінен соң бірін орын алса, бұл басшының тиісті деңгейде жұмысты атқармай жатқандығын беруі тиіс.

Абзал ҚҰРМАНКИН